Айғырдың кекіліне тоқпақ байлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғырдың кекіліне тоқпақ байлау - үйіріндегі құнан-дөненді, кейде байтал, мініс аттарын қуып шайнайтын, тістеуік, қазымыр айғырдың жөнсіз әрекетін шектеу үшін кекіліне көлемді зат байланған. Тоқпақтың көлемі аса үлкен емес: ұзыны екі тұтамға жақын, ені үш-төрт елі келген бір жағы жалпақ жұдырықтай ағаш. Тоқпақты қайыңның тошыны, ағаштың безінен жасайды немесе малдың үлкен сақасының ортасын тесіп тағады.

Көбінесе, айғырдың арынды, әуселесі мықтылары айғырдан шыққан биелерге де шауып тыным бермей құлынын ағызып түсіріп тастамас үшін де тоқпақ байланады. Осыған байланысты, «асауға - тоқпақ, ұры итке - кескек» деген сөз орамы қалыптасқан. Айғыр бейуаз бойдақ жылқыны қуғанда басын сілкіп, айбат шегеді, сол кезде кекіліне байланған тоқпақ маңдайын ұра бергендіктен басы ауырған айғыр қыңыр-қисық оғаш мінезін доғаратын, шектейтін болады. Сол кезде тоқпақты шешіп тастайды. Ағашы аз өңір Батыс Қазақстанда тоқпақ ретінде кесек тас байлайды. Кекілден ноқтаға ұқсатып байлаған шылбырға немесе айғырдың кекілін ширатып білтелеп, оган шүберекке түйген тасты байлап қояды. Табылса үлкенірек тесіктасты байлайды. «Ұрыга кескек, асауға тоқпақ» деген мәтел осыған байланысты туған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айғырдың кекіліне тоқпақ байлау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}