Айғаным медресесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғаным медресесі1834 жылы Сырымбет жеріндегі Айғаным ханымның мекен–жайына мешітпен бірге салынған медресе.

Жалпы аумағы 200 шаршы метрден астам медреседе әрқайсысына 20 шәкірттен сыятын 5 бөлме болған. Медреседегі дін оқуына, мұсылманша хат тануға сол төңіректегі жас балалар көп тартылған. Шәкірттерге сабақ беруге таңдаулы ұстаздар шақырылған.

Танымал шәкірттері

Айғаным медресесінде қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов мұсылманша алғаш сауатын ашқан. Сондай – ақ, оның талантты, өнерлі інілері Жақып, Махмет, Қозыке, Қоқыш және тағы да басқа көзі ашық жастар тәрбие алған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>