Айғазин Жәнібек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғазин Жәнібек (14 қазан 1975 жыл, Алматы.) - экономист. ҚазҰУ-ді бітірген (1997). Экономика ғылымының кандидаты.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”, 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Енбек жолын Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің сыртқы нарықтарға талдау жасау бөлімінде бас маман болудан бастады(1998). 1999-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министірлігінде бөлім бастығы, республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау бойынша Есептік комитеттің бақылау шараларын қолдау мен бюджеттің орындалуына талдау жасау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары, "ҚазТрансОйл" АҚ экономикалық талдау жасау департаментінің директоры, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-ның экономика бойынша атққарушы директоры қызметтерін атқарды. Қазір "Арна Медиа" Ұлттық ақпараттық холдингінің баскарушы директоры.

==Дереккөздер==
<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}