Айыр көмей, жез таңдай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айыр көмей, жез таңдай - қазақы ортадағы аса ділмар, жұрттан озған дегенді білдіретін атау. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде сөздің киесі қонған, әділ би, шешен адамды, әннің, жырдың киесі қонған әнші мен жыршыны айыр көмей, жез таңдай деп атайтын болған. Көшпелі қоғамдағы сан алуан қатынастар барысында түрлі таксономиялық деңгейдегі қауымның, атап айтсақ әр ата, ру, тайпа немесе елдің намысы сынға түскен кездерде олардың атынан сайысқа, жарысқа түсетін айыр кәмей жез таңдай әнші, шешен, сөзуар, ділмарлар жұрттың алдына шығады. Олар сөз сайыстырып қана қоймайды, оларға жүктелетін міндет онан ауқымдырақ: сөз тапқырлығы мен қазақы жора-жосынды қаншалықты білетін, ұстанатын көшелілігі, көрегендігі, білгірлігі, ел мен жердің тарихын, елдік саясаттағы, қазақы моральдық-этикалық нормаларды, әдет-ғұрып заңдарының нормаларына жетік екендігі және т.б. қасиеттері мен ерекшеліктері сын тезіне түседі. Бұл айтылғандарды шешендік сөзбен, ұйқасты өлеңмем шебер өре отырып, қарсыласының осал тұсын, әңгіме дау-дамай тақырыбына ойысса оның ісінің дұрыстығын немесе бурыс екендігін дәлелдей білуі қажет (толығырак қ. Шешен; Дау).<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айыр көмей, жез таңдай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}