Айымжан Төлегенқызы Мақұлова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Айымжан Төлегенқызы Мақұлова — экономика ғылымының докторы (2006), профессор (2008), ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 25 мамыррда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Есентөбе ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1982, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988) бітірген.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде доцент (1989-2006) қызметін атқарады. 2006 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды экономикалық-математикалық модельдеу" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
120-ға жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның, 10 оқулық пен оқу құралдарының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы иегері (2007);
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>