Айтмағамбет Ойнарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтмағамбет Ойнарбаев (7.11.1935, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылы – 15.4.2005, Алматы қаласы) – ғалым, еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Ташкент Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1958). 1958 – 83 жылдары Челекен (Түрікменстан) химия зауытында инженер, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженер, ал 1961 жылдан бас директоры қызметтерін атқарған. Бірнеше жаңашыл ұсыныстары өндіріске енгізіліп, ғылыми еңбектері жеке кітап болып жарық көрген. 1983 – 93 жылдары Қазақстан құрылыс материалдары министрлігіндегі тау-кен экспедициясының бастығы болды. «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1974), «Халықтар достығы» (1981), «Октябрь революциясы» (1991) ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған. Түрікменстан мемлекеттік сыйлығын алған (1979).

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айтмағамбет Ойнарбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}