Айтбай Демікпеұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Айтбай Демікпеұлы (Қарқаралы уезіне қарасты Егіндібұлақ болысы 1830 – сол жерде 1916) – халық әншісі, сазгер, төкпе ақын.

Өмірбаяны

Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике-Шаншар бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Әншілік, ақындық өнері, композиторлық таланты Орталық Қазақстанға кең танылған. «Раушан», «Перизат», «Хәлләм» т. б. әндері бар. Айтбай әңдері лирикалық сыршыл сазды келеді. Оның Ғаббас, Усайын, Қадыс, Мұқан деген балалары да шетінен әнші-өнерпаз болған. Айтбайдың әншілік-орындаушылық өнері балаларына, сол маңның әншілеріне кезінде елеулі әсер еткен. А.В. Затаевич Айтбай әндерін оның әнші балалары Ғаббас, Қадыс, Мұқан, Усайындардан жазып алды. «Раушанды» Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсында қолданды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала