Айсаның ұлы Ахмет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Айсаның ұлы Ахмет” — “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін батырлық жыр.

Авторы белгісіз. Қазақ-қалмақ алмакезек шабысқан аласапыран заманда күш қосып ата жауына ойран салған Ахмет, Абат, Алау, Тоған, Қазтуған батырлардың азаттық жолындағы күресі көркем баяндалған. Жырдың негізгі тақырыбы — ерлердің ынтымағы, елдің тәуелсіздігі. Жыр аракідік қарасөз түсініктемелерімен, айтуға жеңіл, аралас ұйқас түрінде, кейіпкерлердің әңгімесі ретінде құрылған. Жырды 1944 жылы ақын Мариям Хакімжанова атақты Мұрын жыраудан жазып алған. Өзінің айтуынша жырау бұл жырды Қашаған жыраудан үйренген. “Айсаның ұлы Ахмет” алғаш рет 1960 жылы жарық көрген “Батырлар жырының” 6-томында жарияланды.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айсаның ұлы Ахмет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}