Айнұр Есенғазықызы Сағымбаева
Үлгі:Ғалым Айнұр Есенғазықызы Сағымбаева — педагогика ғылымының докторы (2011), профессор (2011), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2012).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1968 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), ҚазПИ-дің (1997, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурасын бітірген.
1990-94, 1997-2011 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы, доцент, 2011 жылдан осы университетте профессор қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білім беру жүйесін ақпараттандыру.
"Болашақ информатика мұғалімдерін оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
127 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 6 оқулық пен 12 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік сыйлығы (2010, 2021);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2018).