Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева — философия ғылымының докторы (2009), профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1976 жылы 12 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1998) және аспирантурасын (2002) бітірген.
Осы университетте стажер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор. 2011 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – ортағасырлық араб-мұсылман философиясы, дін мен ғылым сабақтастығы, философия мен діни дүниетаным дискурсы, дінтанудың өзекті мәселелері.
"Әл–Ғазали – Ибн Рушдтың философиялық дискурсы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
110-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (2010);
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2010).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- "Ерен еңбегі үшін" медалі (2022);
- Қазақ ұлттық университетіне сіңірген еңбегі үшін күміс медалі (2022);
- "Болашақ – 500 ғалым" халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2024).