Айдар Нұрабекұлы Күмісбеков
Үлгі:Футболшы Айдар Нұрабекұлы Күмісбеков (9 ақпан 1979, Талдықорған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаған.
Карьерасы
Талдықорғанда дүниеге келген, 8 сыныпта оқып жүрген кезінде қазақ футболшыларынан құралған "Намыс" селекционерлерінің көзіне түсіп, Алматыға келді. 1997 жылы кәсіпқой карьерасын "Қайрат" клубында бастады. 2002 жылы "Ертіс" сапында ойнап жүріп Қазақстан чемпионы атанды. "Ертіс" сапында үш маусым доп тепті де, 2005-07 жылдары "Астана" клубында доп тепті. Карьерасының соңғы жылдарында туған өлкесіндегі талдықорғандық "Жетісу" клубының намысын қорғады.
Ұлттық құрама сапында жеті ойын ғана өткізді. Одан бөлек Қазақстанның түрлі жасқа дейінгі құрамаларында ойнап, 1999 жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты<ref>https://www.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=194043/index.html Үлгі:Webarchive</ref>.
2001 жылы Қазақстан клубтары құрамасы сапында Шығыс Азия ойындарына қатысып, қола жүлдегер атанды.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы: 2003, 2007
- Қазақстан кубогы: 2005
- Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001