Айгүл Əбдімажитқызы Болатбаева
Үлгі:Ғалым Айгүл Əбдімажитқызы Болатбаева — педагогика ғылымының докторы (2009), Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясының академигі (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1975 жылы 25 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде туған.
ҚазҰУ-ды (1996) бітірген. Қазақ білім академиясында (1997-2003), ҚазҰУ-да (2000-2005), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (2005-06), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (2006-2007), ҚР ҰҚК Шекара академиясында (2007 жылдан) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – жоғары əскери мектеп педагогикасы, зерттеушілік іс-əрекет əдіснамасы, даму психологиясы, оқытудың интерактивті технологиялары, білім саясатын талдау тəжірибесі.
"Əскери жоғары оқу орнының магистранттарымен зерттеушілік іс-əрекет əдіснамасын игеру процесінің тұжырымдамалық жəне қолданбалы негіздерінің дамуы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>