Айболат Асхатұлы Макуов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Айболат Асхатұлы Макуов (16 ақпан 1997 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/aybolat-makuov/profil/spieler/50034</ref>) — қазақ футболшысы, "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Айболат "Оле-Бразил" клубының түлегі. 2015 жылы "Атыраудың" жастар клубына қабылданды. 2018 жылға дейін 100-ден аса кездесуде алаңға шықты.
2019 жылы "Атыраудың" негізгі құрамында ойнай бастады. 8 мамыр күні Қазақстан кубогының 1/4 финалында "Алтайға" қарсы кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты, ал премьер лигадағы тұңғыш ойынын 26 мамырда "Ертіске" қарсы өткізді.
Жетістіктері
- Қазақстан кубогының финалисі: 2019