Азоттың байлануы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азоттың байлануы — молекула күйіндегі бос азоттың қосылыстарға айналу құбылысы. Ол табиғи жолмен және адамның өндірістік іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы: топырақтың гумус қабатындағы азот бактериялары бос азотты қосылыстарға айналдырады. 1 га топырақта жылына 48 кг дейін өсімдіктер сіңіретін азот қосылыстары түзіледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырындағы бактериялар да топырақты азот қосылыстарымен байытады. Сондықтан оларды тыңайтқыштар есебінде пайдаланады, әрі өнімін алады. Азоттың байлануы өсімдіктердің көмірқышқыл газын (СО2) сіңіруі тәрізді аса маңызды биологиялық құбылыс. Азоттың табиғи байлануы өсімдіктер қажетін толық өтей алмайтындықтан ауа азотынан өндірісте жасанды тыңайтқыш алынады. Ол бос азотты аммиакқа айналдыру, содан алынған аммиакты тотықтыру арқылы төмендегі сұлба бойынша жүреді: Ауа азоты (N2)-> аммиак (NH3)-> азот оксиді (NO)->азот диоксиді (NO2)-> азот қышқылы (HNO3)->нитраттар (Me[NO3]n). Бұларда түзілген калий, натрий және аммоний нитраттары ауыл шаруашылығында азотты тыңайтқыштар ретінде қолданылады.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азоттың байлануы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}