Азия ошағаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азия ошағаны<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>(Agrіmonіa asіatіca) – раушангүлділер тұқымдасы, ошаған туысына жататын тамырсабақты көп жылдық өсімдік.
Қазақстанда тау шатқалдарында, өзендердің аңғарлары мен арық жағалауларында, бақтарда, жол бойларында өседі.
Биіктігі 30 – 140 см. Жапырақтары үздік-создық, ұзындығы 3 – 30 см, ені 2,5 – 12 см. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, үшкір.
Тік сабағы мен жапырақ сағақтары қалың қабықты, ұзын, қатты, түсіп қалатын түктермен жабылған.
Күңгірт сары гүл желектері эллипс тәрізді, гүлшоғыры ұзын, жеміс берген кезде оның ұзындығы 40 см-ге жетеді.
Маусымшілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.
Жемісшелері иілген, ұзындығы 9 мм-дей.

Азия ошағаны Маңғыстау облысында Батыс Қаратауда кездесетін сирек түр болып саналады, сондықтан облыстың «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азия ошағаны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}