Азия және Африка халықтарының ынтымақтастық ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азия және Африка халықтарының ынтымақтастық ұйымы — соғысқа, ядролық қаруға қарсы тұру, отаршылдық қанауды жою, артта қалған елдердің тез жетілуіне көмектесу, бейбіт қатар өмір сүру принциптеріне сүйенген халықаралық қатынастар орнатуды көздеген халықаралық ұйым.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Екі құрлықтың қоғамдық ұйымдары өкілдері қатысқан Каир конференциясында (12.1958) құрылды. Үкімет емес ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелігіне қабылданды. Алжир, Вьетнам, Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау тағы басқа елдердегі ұлт-азаттық көтерілістерді қолдауда ұйым елеулі жұмыстар атқарды. 1961 жылы сәуірде Қазақ Комитеті құрылып, алғашқы төрағасы болып Мұхтар Әуезов сайланды. 1955 — 87 жылдары бірнеше форумдар өткізді, Баспа органы ағылшын, француз, араб, орыс тағы басқа тілдерде шығып тұрған “Азия-Африка халықтары” журналы болды. Азия және Африка халықтарының ынтымақтастық 80-жылдардың соңы — 90-шы жылдардың басында өз жұмысын біртіндеп тоқтатты.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азия және Африка халықтарының ынтымақтастық ұйымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}