Азеотропты қоспа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:PositiveAzeotropePhaseDiagram.png
Екікомпонентті оң азеотроптың фазалық диаграммасы.

Азеотроп қоспалар (грекше azйō – қайнамау және tropй –бұрылу, өзгеру) – құрамы және қайнау температурасы өзгермей айдалатын, яғни қайнатқанда молекулаларға, тұрақты химиялық қосылыстарға бөлінбей, бастапқы құрамында буға айналатын ерітінділер. Алғаш рет 1810 ж. ағылшын ғалымы Дж.Дальтон осындай қасиетті 68%-тік азот қышқылының сулы ертіндісінен байқаған. Азеотроп қоспалардың кейбіреуі жеке құраушылардың қайнау темп-раларынан жоғары темп-да қайнаса, кейбіреулері төмендеу темп-да қайнайды. Азеотроп қоспалар түзілуіне байланысты кейбір заттарды (мысалы, абсолютті спирт, таза азот қышқылы) олардың сулы ерітіндісін айдау арқылы алу мүмкін емес. Бұл жағдайда айдау алғашқы екеуінің салыстырмалы ұшқыштығын өзгертетін үшінші құраушыны қосу арқылы жүргізіледі. Өнеркәсіптік маңызы бар сұйық қоспалардың жартысына жуығын азеотроп қоспалар түзейді. Мұндай қоспаларды жеке құраушыларға жіктеу қажеттігіне байланысты азеотроп қоспаларды зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азеотропты қоспа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}