Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеузаңмен ғана белгіленген, азаматтардың мінез-құлық мүмкіндіктерін конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына сай қажетті шектеу.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 15 қазандағы "Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы" заңында азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құрылысты қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Республиканың бүкіл аумағында небір бөлігінде төтенше жағдай енгізу қарастырылған. Төтенше жағдай уақытша шара болып табылады және азаматтардың, заңды құқығы бар мекемелердің құқықтары мен бостандықтарын шектеуді белгілейтін, сондай-ақ оларға қосымша мемлекеттік міндет жүктейтін мемлекеттік билікпен басқару органдары қызметінің айрықша құқықтық режімі. Төтенше жағдай кезеңінде: төтенше жағдай енгізілген аумаққа кіру не шығу, сондай-ақ жүріп тұру, еркін шектеу; жиналыстар, митингілер, көше шерулері мен демонстрациялар, ереуілге тыйым салу; көлік құралдарының қозғалысын шектеу; халықтың тірлішігін қамтамасыз тететін қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғауды күшейту шаралары белгіленіп, коменданттық сағат енгізуі мүмкін. Демек, көшелер мен қоғамдық орындарда, тәуліктік белгіленген мерзімінде адамның жеке басын куәландыратын құжат пен рұқсат қағазсыз жүруге тыйым салынып, баспасөз бен басқа бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына, тағы бірқатар шараларға шектеу қойылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабының 3 тармағында саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге жол берілмейтіндігі туралы тұжырым бар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (топтама); Заңтану топтамасы. - Алматы "Мектеп" 2002 жыл"</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң