Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі - жергілікті азаматтардың туу, өлу, некеге отыру, некені бұзу, бала асырап алу, өз есімін, әкесінің атын не ныспысын өзгерту деректерін тіркеп отыратын мекеме. Кеңес өкіметі орнағанға дейін облыс аумағында мұндай актілерді тіркеп, есепке алумен діни мекемелер (мешіт, шіркеу) айналысты. 1921 жылы РКФСР Халком Кеңесінің декретіне сәйкес Орал губниясында Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі құрыдды. Ол 1935-59 жылы облысы НКВД басқармасына қарасты құрылым болды. 1959- 72 жылы Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімідері атқарушы билік органдарының, кейін жергілікті әділет белімдерінің қарамағына берілді. 1977 жылы қалалық АХАТ бюросы жанынан жаңа бөлімше - Неке үйі ашылды. 1994 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімідері атқарушы билік құрамынан алынып, жергілікгі әділет басқармасының қарамағына берілді. Оның облыс бөлімі Орал қаласының Достық-Дружба даңғылындагы 208-үйде, ал қалалық бөлімі Фурманов кентіндегі 173-үйде орналаскан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}