Азаматтық - құқықтық міндеттемелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық - құқықтық міндеттемелер – 1) бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға не одан қалыс қалуға міндетті болатын, ал несиегердің борышқордан өзінің міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болатын құқықтық қатынастар. Азаматтық - құқықтық міндеттемелердің туындау негіздері – заңды ақиқаттар, шарттар, біржақты мәмілелер, әкімшілік актілер, құқыққа жат әрекеттер, оқиғалар. Оның әрқашанда белгілі бір субъективтік құрамы (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге, мүлікті табыстауға, өзге де әрекеттер жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өзінің міндеттерін орындауды талап етуге құқылы тұлға. Азаматтық - құқықтық міндеттемелер – тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелетін өзара қатынастары. Екі жақты немесе көп жақты болады. Заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес мұндай талаптар жоқ болған жағдайда іскерлік айналымның ғұрыптары тиісті дәрежеде орындалуы тиіс; 2) бухгалтерлік терминде “Азаматтық - құқықтық міндеттемелер” термині алашақ пен берешек (дебиторлық және кредиторлық берешек) ұғымдарын біріктіреді. Алашақ (дебиторлық берешек) – басқа кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың осы ұйымға берешегі (мысысалы, сатып алушылардың сатып алынған өнім үшін берешегі). Кредиторлық берешек – осы ұйымның басқа ұйымдарға, жұмыскерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегі. Бухгалтерлік теңгерімде пайда болған кредиторлық берешек ұйымның қаражат көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі. <ref>1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азаматтық - құқықтық міндеттемелер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}