Азаматтық журналистика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық журналистика - ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматық журналистика - БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. 2003 жылы атты мақалада Джей Ди Лассика азаматтық журналистикадағы БАҚ-ты осылайша сараптайды:

1) аудиторияның қатысуы (мысалы,интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);

2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;

3) жаңалық жариялайтын сайттардың әлемтор (интернет) пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру;

4) жеке сайттар;

Осылайша біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта бейне, аудио, мәтін өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп алуға немесе өзіндікін қосуға мүмкіндігі жасалынатынын көреміз.

Дэн Гиллмор "Азаматтық журналистика - бұл адамзат үшін адамдармен жасалынған журналистика" деп жазады.

Нью - Йорктағы Университеттің журналистикадан оқытушы маман Джэй Роузеннің айтуынша: "Азаматтық журналисттер - бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар". Бұл сөздер бүгінгі блогтарға баға беруі ретінде есептелу де болады, себебі блогты жазатындар өзі қызықтайтын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар теледидар және радиодан да жедел ақпарат жариялайтын болды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}