Азаматтарға арналған үкімет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Компания

Азаматтарға арналған үкімет — мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бiрегей провайдер.

Корпорацияның жалғыз акционері — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Ал құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру болды. Мемлекеттік корпорация Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын біріктіріп, жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылды.

2016 жылы 7 сәуірде ҚР Үкіметінің осы қаулысы негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

ҚР Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №820 бұйрығымен 2023 жылы 1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАТ) жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалды. Оны аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. АХАТ функциясының мемлекеттік корпорацияға берілудегі басты себептің бірі – АХАТ электронды базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы болды.

Құрылымы

  1. Персоналды басқару департаменті
  2. Бухгалтерлік есеп департаменті
  3. Экономика департаменті
  4. Мемлекеттік сатып алу департаменті
  5. Әкімшілік-шаруашылық қызмет департаменті
  6. Заң жұмысы департаменті
  7. Бақылау-ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
  8. Маркетингтік талдау және коммерцияландыру департаменті
  9. Ақпараттық технологиялар департаменті
  10. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті
  11. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту дирекциясы
  12. Стратегия, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және жобаларды басқару департаменті
  13. Жер кадастры департаменті
  14. Тіркеу қызметі департаменті
  15. Жылжымайтын мүлік департаменті
  16. Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаменті
  17. Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры департаменті
  18. «E-Өтініш» пен «Е-Нәтиже» жөніндегі жобалық кеңсе
  19. Азаматтарды қабылдау орталығы
  20. Жылжымайтын мүлік саласындағы сервистік технологиялар қызметі
  21. Сапаны бақылау департаменті
  22. Ахуалдық орталық
  23. Бірыңғай байланыс орталығы
  24. Тәуекел-менеджмент қызметі<ref>Қоғамның құрылымы</ref>

Филиалдары

Республиканың әр облыс орталығында корпорацияның филиалы, әр аудан орталығында сол филиалдың халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді.

Корпорация филиалдары<ref>Мекенжай мен байланыс деректері</ref>
Филиал Мекенжайы
Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы Астана қаласы, Кравцов көшесі №18
Алматы қаласы бойынша филиалы Абай даңғылы №111
Алматы қаласы бойынша филиалы - Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті Абай даңғылы №111
Астана қаласы бойынша филиалы Желтоқсан көшесі №25
Шымкент қаласы бойынша филиалы Дулати көшесі №3
Абай облысы бойынша филиалы Семей қаласы, Ұранхаев көшесі №57
Ақмола облысы бойынша филиалы Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі №9
Ақтөбе облысы бойынша филиалы Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы №249
Алматы облысы бойынша филиалы Қонаев қаласы, Қонаев даңғылы №41
Атырау облысы бойынша филиалы Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы №66/2
БҚО бойынша филиалы Орал қаласы, Жамбыл көшесі №81
Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласы, Төле би даңғылы №69
Жетісу облысы бойынша филиалы Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы №67Б
Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы №5/2
Қостанай облысы бойынша филиалы Қостанай қаласы, Амангелді көшесі №93А
Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №48
Маңғыстау облысы бойынша филиалы Ақтау қаласы, 15 шағын аудан №67Б
Павлодар облысы бойынша филиалы Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы №17
СҚО бойынша филиалы Петропавл қаласы, Интернационал көшесі №70
Түркістан облысы бойынша филиалы Түркістан қаласы, 160 орам №236
Ұлытау облысы бойынша филиалы Жезқазған қаласы, Холмецкий көшесі №80А
ШҚО бойынша филиалы Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы №152

Қызметтері

Жұмыс уақыты

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Басқарма төрағалары

  1. Данияр Қағазбекұлы Ереншінов (2016-2017)
  2. Абылайхан Есенұлы Оспанов (2017-2019)
  3. Әсемгүл Серікқызы Балташева (2019-2021)
  4. Әділ Ғалымжанұлы Қожықов (2021-2022)
  5. Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин (2022-2023)
  6. Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев (2023-)

Халыққа қызмет көрсету орталығының даму тарихы

2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін орталық ашу көзделді.<ref>ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан</ref> Үлгі:Дәйексөз

2005 жылғы 24 мамырдағы Үкімет қаулысымен пилоттық жоба ретінде Астана қаласында 2 және Алматы қаласында 6 халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды.<ref>"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы</ref>

2007 жылы 5 қаңтарда Үкімет қаулысымен Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi — халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) құрылды. Сол кезде республиканың 16 қаласында 30 ХҚКО жұмыс істеді. Осы уақыттан бастап аудандарда да жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтары ашыла бастады.<ref>Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы</ref>

2010 жылы 15 қаңтарда Үкімет қаулысымен Әдiлет министрлiгiнiң комитетінің қарамағында болған халыққа қызмет көрсету орталықтары коммуналдық меншікке берілді.<ref>Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтары — мемлекеттік мекемелерін жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы</ref>

2011 жылы 11 наурызда Үкімет қаулысымен халыққа қызмет көрсету орталықтары коммуналдық меншіктен қайтадан республикалық меншікке өтті. Оларды басқару үшін Байланыс және ақпарат министрлігінің жанынан комитет құрылды.<ref>Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы</ref> Сол жылы 11 қарашада Үкімет қаулысымен Байланыс және ақпарат министрлігінің комитетіне қарайтын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынға 25 республикалық мемлекеттік мекеме бірікті.<ref>Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы</ref>

2012 жылы 8 желтоқсанда Президент жолдауына орай Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтерін көрсететін елдегі алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.<ref>Қарағандыда мамандандырылған ХҚКО ашылды</ref>

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны

Облыстар бойынша ХҚКО саны<ref>ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары</ref>
Облыс Халыққа қызмет көрсету орталығы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы
Абай 12 1
Ақмола 22 1
Ақтөбе 17 1
Алматы 11 2
Атырау 10 1
Батыс Қазақстан 16 1
Жамбыл 14 2
Жетісу 10 1
Қарағанды 19 1
Қостанай 25 1
Қызылорда 12 1
Маңғыстау 9 1
Павлодар 14 1
Солтүстік Қазақстан 16 1
Түркістан 22 4
Ұлытау 6 -
Шығыс Қазақстан 13 1
Алматы қаласы 8 4
Астана қаласы 7 2
Шымкент қаласы 7 4

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер