Ажуа, әжуа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ажуа, әжуа - астарлай сөйлеп кекету, мысқылдау, күлкі ету.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Ажуалау бір зат немесе бір кісі туралы шын ойға қарама-қарсы астарлап пікір айту арқылы сөзді кері мағынасында қолданатын стильдік тәсіл. Қазақ халқының аңыз, әнгіме, айтыс, шешендік сөздерінде ажуа жиі қолданылады. Жиренше шешен мен Аяз би туралы әңгімелердегі дана Карашаш пен Мендісұлу қатерін тіккен хан мен уәзірді әзіл, оспақ, өткір кекесін мен күлкіге айналдырады, ажуа етеді. Біржанмен айтысында Сара Жиенкұлды "Көрінсін Біржан салға Ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді" деп, жорта мақтап, бар мінін жұрт алдына жайып салады. Ажуа дауыс екпіні арқылы да жасалады. Ажуа адам мінезіндегі кейбір оқшау, өрескел жақтар мен ұнамсыз әрекеттерді ашып, тезге салып түзеу мақсатында қазіргі әдеби туындыларда да қолданылады.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}