Ажар Қуанышбекқызы Жолдыбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ажар Қуанышбекқызы Жолдыбаева — философия ғылымының докторы (2010), доцент (2002), профессор (2025), Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі (2011), Халықаралық білім академиясы қауымдастығының корреспондент мүшесі (2012, Ресей).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1969 жылы 13 қарашада Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1992, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Қазақ ұлттық университетінде философия жəне саясаттану факультеті, дінтану жəне мəдениеттану кафедрасында (2009 жылдан бері) қызмет атқарады.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты əлеуметтік-мəдени динамика, кроссмəдени менеджмент, қолданбалы мəдениеттану мəселелерін зерттеуге арналған. "Адам индивидуалдығының социодинамикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
150-ден астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде Q2 индексімен Scopus деректер қорының журналдарында 3 ғылыми мақала жарияланған (Гирш индексі - 4), 7 авторлық куәлік, 7 монография, 2 оқулық және 21 оқу-әдістемелік кешен, оның 7-де UMO RUMS мөрі бар.

Марапаттары

  • "Ғылым жəне білімінің көрнекті қайраткері" құрметті дəрежесінің лауреаты (2011);
  • "2011 жылдың үздік оқытушысы" мемлекттік грантының иегері.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер