Адырбек Сопыбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}} Үлгі:Жазушы

Адырбек Сопыбеков (5 мамыр, 1937 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылы - 10.11.2016) — қазақ тілінде жазған балалар ақыны.

Өмірбаяны

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.

19611965 жж. Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде жауапты хатшы, аудандық партия комитеті хатшысының көмекшісі, Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары болып қызмет істеген. 1967–1985 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің редакторы, Жаңақорған аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, «Кітап» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанындағы Қазақстан Халық ақыны М.Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, 1990 жылдан осы өнер мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына енген.<ref>Адырбек Сопыбеков</ref>

Марапаттары

  • КСРО Жазушылар одағының Құрмет грамотасы (1989),
  • Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы (1983),
  • Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы (1991),
  • Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (1997),
  • Қызылорда облыстық Мәслихатының Грамотасымен (1996) марапатталған.
  • «Еңбек ардагері»,
  • «Еңбектегі жетістіктері үшін» және
  • «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері.
  • Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы (1987),
  • Қазақстанның Құрметті журналисі (2008).<ref>Адырбек Сопыбеков</ref>

Кітаптары

  • «Көзілдірік»,
  • «Айға сапар»,
  • «Кім қалай ұйықтайды?»,
  • «Көктем жыры»,
  • «Базарлық»,
  • «Айналайын»,
  • «Күншуақ»,
  • «Шешілген жұмбақ», т.б.

Өлеңдері

  • Шешілген жұмбақ. Суретті кітапша,1969;
  • Өлеңдер мен аңыздар,1973;
  • Көктем жыры, 1976;
  • Базарлық, 1981;
  • Полет на Луну. Стихи и фантастическая поэма, 1992; Айналайын, 1997;
  • Жаңарған Жаңақорған, 1998;
  • Күншуақ, 2001;
  • Манаптың бір өзі – бір театр, 2004.

Поэмалары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер.