Адыраспантөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адыраспантөбе — көне қала орны. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Дехкан шаруа қожалығының аумағында орналасқан. 1940 жылы Жамбыл археологтар тобының жетекшісі Г.И. Пацевич зерттеген. Қала жұртының сақталған қалдығы екі қабаттан тұрады. Үстіңгі қабат аумағы 180х180 м, оңтүстік жағының биіктігі 20 м, солтүстік жағының биіктігі 10,5 м, ал астыңғы қабаттың аумағы 100х100 м, оның солтүстік жағының биіктігі 2 м, оңтүстік жағының биіктігі 0,5 м. Үстіңгі қабаттың ортасында аумағы 27х27м шағын бекініс салынған. Қала қалыңдығы 5-6 м, қазіргі кездегі сақталған биіктігі 0,5 м келетін дуалмен қоршалған. Оңтүстік-батыс бұрышқа қарама-қарсы 20 м жерде аумағы 30 м, биіктігі 2 м шағын төбе бар. Ол ерекше тұрғын жай орны тәріздес. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Адыраспантөбеден теріп алынған қыш ыдыстардың арасында кездесетін сырланған көзелердің жасалу тәсілдеріне қарап ғалымдар қаланы 8-10 ғасырдағы өркениет орталығы болған деп есептейді.
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адыраспантөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}