Адуын
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Адуын — адам мінезіне тән өктемдік әрекет. Адуын адам өзгелерге білдірмек болған ой-пікірін екпіндей сөйлеп, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында ірілік көрсетіп, сөзінің үстемдігін білдіреді. Мінез сипатының адуындыққа қарама-қарсы мағынасын білдіретін екі жағы бар: бірі — адамның ойы мен сөзі жүйелі келіп, шындықты, іс-әрекеттің ақиқаттығын білдіретін болса, сөйлеушінің айтқандарын тыңдаушылар дұрыс қабылдап, оған әсерленеді. Ал екінші жағы — керісінше, Адуын адамның ойы мен сөзі істің мәнжайын білдіре алмайтын тек байбалам салу деп санап, оның айтқандары шындықпен жанаспайтын ірілік пен өркөкіректі білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Ондай адамды жұрт ақыл-ойы таяз адам деп әжуалайды. Адуын бір жағынан батылдық әрекет деп саналады. Өйжені ондай адам ісінің шындығына көзіжетіп, ойындағы мақсат-мүддесін тайсалмастан батыл түрде білдіреді. Кездескен кедергілерден зиян шегемін деп қорықпайды, шешімі қиын істерге батыл кірісіп, оның пайдалы нәтиже беретіндігіне сенімді болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}