Адсорбтану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адсорбтану ( латынша ad — бетіне және sorbeo — жұту, сіңіру) — қатты немесе сұйық заттар бетінің газ, бу және еріген заттарды сіңіруі. Заттың ішіндегі бөлшектердің өзара байланыс күштері теңесіп, барлық бағытта да өзіне көрші бөлшектермен байланыста болса, заттың сыртқы беті ашық болғандықтан, оның тарту күшінің біраз бөлігі бос тұрады. Сондықтан сыртқы бетке жанасқан газ, бу және еріген заттардың бөлшектері оған тартылады. Бетінде адсорбтану процесі жүретін зат адсорбент, оған сіңетін зат адсорбат деп аталады. Физикалық адсорбтану кезінде адсорбаттың молекулалары өзгермейді, химиялық адсорбтану кезінде (хемосорбтану) адсорбат молекулалары абсорбенттің бетінде хим. қосылыс түзеді. Адсорбтану мөлшері адсорбенттің қасиетіне, сіңірілетін заттың табиғатына, темп-раға байланысты. Қатты адсорбент ретінде активтелген көмір, силикагель, алюмогель, ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер т.б. органикалық сұйықтар пайдаланылады. Адсорбтану газдар мен сұйықтар қоспаларын бір-бірінен бөлу, оларды кептіру, тазарту үшін қолданылады. Химиялық технологияда, биологиялық процестерде адсорбтанудың маңызы зор. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>, 1 - том

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адсорбтану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}