Адрианополь бітім шарты (1829)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Moscow Triumphal Gates.jpg
Орыс-түрк соғысындағы жеіңіске арналған Санкт-Петербіргтегі салтанат аркасы

Адрианополь бітім шарты 1829 ж. - Ресей мен Осман империясының (Түркия) арасындағы бітім шаршы, орыс-түрк соғысы аяқталу туралы.
Шартқа 2(14) қыркүйекте Адриаполь қаласында (қазіргі Эдирне, Түркия) Ресей жағынан Алексей Фёдорович Орлов пен Дунай князьдықтағы орыс әкімшілігінің уақытша басшысы Фёдор Петрович Палено, Туркия жағынан — Осман империясының бас қаржы сақтаушысы (бешдефтердар) Мехмед Садык-эфенди мен жоғарғы әскери соты Абдул Кадыр-бей қол қойды. Бұл шартпен 1828-29 жылдарғы орыс-түрк соғысы аяқталды.
Адрианополь бітім шарты бойынша Дунай өзенінің сағасы аралдарымен бірге, Қара теңіздің Кубань өзені сағасынан Аджарияның солтүстік шекарасына дейін жағалауы, Ахалкалаки, Ахалцих қамалдары іргелес аудандарымен қоса Ресейге көшті.
Түркия, Грузияның, Имеретияның, Мегралияның Гурияның, Эриван, Нахичивань хандықтарының Ресейге қосылғанын мойындады. Ресейдің қол астындағы барлық азаматтардың бүкіл Түркия жерінде емін-еркін сауда жасауына, орыс және шетел сауда кемелерінің Босфор мен Дарданелден еркін өтуіне право берілді. Түрік өкімет орындары өз жеріндегі орыс азаматтарын соттай алмайтын болды. Түркия 1,5 млн сом (голланд гүлдені) контрибуция төлеуге міндетті. Молдавия, Валахия автономия алды.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998