Адрестік тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адрестік тіл - цифрлы есептеуіш машиналарда информацияны түрлендіру процестерін сипаттау мақсатында қолданылатын формалды тіл.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Мысалы, кез келген есеп алгоритмі белгілі бір есептеуіш машина бұйрықтарымен ғана жазылып қоймай, есептеуіш машина түріне тәуелсіз формалды тілмен де жазылады. Адрестік тіл штрих-операция, жөнелту операциясы, функция және белгі деген ұйымдардан тұрады.

Штрихоперация ұғымы бойынша "в" деп белгіленген сан "а" ұяшығында сақталады деген сөз а=в деп, ал "в" санын "а" ұяшығына жіберу керек деген сөз в=>а деп белгіленеді. Мұндағы => символы жөнелту операциясынын белгісі. Адрестік функция математикалық символдар мен штрих-операциялардан құралады. Белгі ретінде цифрлар, әріптер, символдар алынады. Адрестік тілде барлық математикалық операциялардын белгілері мен шамалары символдар, жақшалар т.б. математикалық белгілермен белгіленеді. Адрестік тіл есептеуіш машина түрлерінің техникалық ерекшеліктерін есепке алмайды. Сондықтан кез келген есептеуіш машина программасын жасауға қолданылатын адрестік алгоритмді кұру және оны машина программасына аударуды автоматтандыруға болады.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}