Адольф Арцишевский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адольф Арцишевский (7.1.1938. РКФСР. Кемер облысы, Прокопьевск қаласы) - журналист, қаламгер, сценарийст.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. ҚазМУ- ді және КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітіргеннен кейін "Красноярский рабочий" газетінің тілшісі, Краснояр өлкесі аудандық газеттерінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан салалық журналдарында, радиода, "Жазушы" баспасында және "Простор" журналында қызмет жасады.

Алматы қаласындағы жасөспірімдер театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, "Қазақфильм" студиясында "Тоғысқан тағдырлар" атты телехикаяның бас редакторы, "Новая эра" журналының бас редакторы болып қызмет еткен. Қазір "Central Asia Monitor" газетінде қызмет жасайды. І.Есенберлин, К.Ыскақов, Ә.Тарази, Б.Мұқай, Д.Исабеков, Ш.Құсайынов шығармаларын орыс тіліне аударған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}