Адель
Үлгі:Музыкант Адель Лори Блу Эдкинс (Үлгі:Lang-en, Адель есімімен танымал; 5 мамыр 1988, Лондон, Ұлыбритания) — ағылшын композиторы, жазушы, поп-джаз/соул, блюз жанрларының әншісі. Британ империясының Ордені (2013) иегері. Он «Грэмми» және «Оскар» марапатының лауреаты (2013).
Өмірбаяны
Адель Эдкинс алғаш рет мектеп сахнасында «Rise» өлеңін орындады. Кейіннен Адель Кройдондағы Өнер көрсету және технологиялық Лондон мектебіне оқуға түсіп, 2006 жылдың мамырында тәмәмдайды. Екі айдан соң PlatformsMagazine.com атты онлайн арт-журналдың төртінші басылымында өзінің екі шығармасын жариялайды.
Алғашқы британдық турнеге Адель 2007 жылы қазан айында шықты. Осы кездері әлеуметтік желілердің бірі MySpace желісінде Адель досына сыйлаған жас шағында жазылған демо-таспасы жарияланған. Осы мерейіне орай, алғашқы контрактын алады. 2007 жылы 22 қазанда шыққан Pacemaker Recordings лейблнде оның дебюттік синглы «Hometown Glory» басылады. Бұл сингл iTunes-та «Апта синглы» деп танылса, ал 2008 жылдың сәуірінде сингл қайтадан «Skins» телехикаясының саундтрегі болуына орай британдық топ-40-қа кіреді.<ref name="chartstats">Үлгі:Cite web</ref>.
2012 жылы Адельдің Джеймс Бонд жайлы түсірілген «007: Координаты „Скайфолл“» фильміне «Skyfall» деген атаумен саундтрек жазады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Пол Эпвортпен бірге жазылған ән «Алтын Глобус» және «Оскар» премияларында 2013 жылдың «Үздік ән» санатында марапатталса<ref>Үлгі:Citeweb</ref>, «Грэмми» премиясында «Кино, телеарна немесе визуальды қойылымға арналған Үздік ән» номинациясмен марапатталды.