Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар

XXI ғасыр адамның құқықтары мен бостандығын бірінші орынға койды. Әрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді.

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады, онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Бұл Декларацияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық және саяси құқықтар алғаш рет айқындалды. Оның үлкен халықаралық маңызы да осында. Бұл Декларация 30 баптан тұрады. Олардың кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

1-бап. Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті.

3-бап. Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар.

7-бап. Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы.

29-бап. Әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік бере алатын қоғам алдында борышты.

Өкінішке орай, жалпыға бірдей Декларацияда халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, соғысты насихаттауға тыйым салу көрініс таппаған. Декларацияда жарияланған адам құкықтары мен бостандықтарын мемлекеттердің сақтау міндеттеріне нұскау берілмеген, кепілдіктер көрсетілмеген, жарияланған адам құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен құралдары айтылмаған. Алайда әлемдік қауымдастық әркашан әлемдегі соғыс пен зорлыққа тыйым салуға ұмтылады. Адам құкықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық пактілер бар. Олар — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.

Оларда мынадай ережелер мазмұндалған: халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, еңбек ету құкығы, кәсіподақтық бірлестіктер құру құқығы, білім алу, ерлер мен әйелдердің теңдігі туралы жалпылама тең және құпия дауыс беру туралы құкықтар және т.б.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}