Адам мәйітін тексеру
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Адам мәйітін тексеру-Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексеру, тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
Мәйітті косымша немесе қайталап тексерген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрігердін қатысуы міндетті.
Танылмаған мәйіт міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилоскопия жасалуға тиіс.
Мәйітті сырттай тексеру кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды.
Мәйітті тексеру барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлімдемелері сол тергеу іс- әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды.<ref>Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заңru:Вскрытие