Адам денесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Da Vinci Vitruve Luc Viatour.jpg
Адам денесі, Леонардо да Винчи, 1492

Адам денесі (Үлгі:Lang-la) - адамның бүкіл құрылымы болып табылады, яғни бас, мойын, бағана, қолдар және аяқтар. Биологтардың есебі бойынша ересек адамның денесі отыз триллион жасушадан турады.

Адам организмінің жүйелері

Үлгі:Main Адам организмі - адам өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бағытталған функцияларды жүзеге асыратын өзара байланысты жүйелер жиынтығы.

Адам организмінде қаңқа жүйесін, бұлшық ет жүесін, жүйке жүйесін, жүрек-қантамырлар жүйесін, дем алу жүйесін, ас қорыту жүйесін, зәр шығару жүйесін, репродуктивті жүйесін, эндокриндік жүйесін, иммунды жүйесін және жабынды жүйесін айқындайды.

Жүйе Зерттейтін ғылым
50px жүйке жүйесі Нейрофизиология
50px қаңқа жүйесін Ортопедия
50px жүрек-қантамырлар жүйесі Кардиология
50px дем алу жүйесі пульмонология
50px ас қорыту жүйесі Гастроэнтерология
50px жабынды жүйесі Дерматология
50px зәр шығару жүйесі нейрология, урология
50px репродуктивті жүйесі гинекология (әйелдер), андрология (еркектер), сексология, эмбриология
50px иммунды жүйесі иммунология
50px лимфа жүйесі онкология, иммунология
50px эндокриндік жүйесі эндокринология

Адам органдарының салмақтары

Салмағы 70 кг, бойы 170 см және денесінің ауданы 1,8 кв,м 20 — 30 жасар адамның органдарының орта есеппен алынған салмақтары:

Дене құрылысы

Үлгі:Main Дамыған елдерде орта есеппен алғанда ересек ер адамның бойы 1,7—1,8 м-дей, ересек әйелдің бойы 1,6—1,7 м болып саналады. Адамның бойын генотипке және фенотипке байланысты.

Химиялық құрамы

Адам денесінің органдары орта есеппен 60% судан, 34% Органикалық заттардан, 6% — бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарын құрайтын негізгі элементтер: көміртек(~18%), оттек(~65%), сутек(~10%) және азот(~3%), одан басқа фосфор(~1%) және күкүрт(~0,25%). Бейорганикалық заттардың құрамына 22 химикалық элементтер — кальций, фосфор, оттек, натрий, магний, күкүрт, бор, хлор, калий, ванадий, марганец, железо, кобальт, никель, мыс, мырыш, молибден, хром, кремний, йод, фтор, селен кіреді<ref>Кукушкин Ю.Н. — Химические элементы в организме человека</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер