Адам Мекебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам Мекебаев (19.4.1940, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы - 8 қыркүйек, 2014 ж., Алматы) – жазушы.

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) (1965), Мәскеудегі Дүниежүзілік әдебиет институтының жоғары әдеби курсын (1987) бітірген. 1965 – 66 жылдары «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде, 1966 – 71 жылдары облыстық халық шығармашылығы үйінің директоры, 1974 – 75 жылдары «Қайнар», 1975 – 81 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, 1981 – 82 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, 1983 – 84 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі, 1987 – 92 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1992 – 2002 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, 2002 – 2005 жылдары «Ақжелкен» журналында қызмет атқарды.

Мекебаев «Жадыра» (1970), «Жезтырнақ» (1973), (Айтылмай қалған аңыз» (1990) атты оннан астам проза кітаптарының, «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), (Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының, «Жар жағалаған қыз» (2001)повестер жинағының, «Ой түбінде жатқан сөз», «Мың жарым жылдық қате» (2003) атты публицистикалық кітаптардың авторы. Кейбір туындылары орыс тілінде жарық көрген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған (2005). «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған (2001).<ref>"Сыр елі энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адам Мекебаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}