Адамтас шамшырағы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мүйіс Адамтас шамшырағы, Адамтас – Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы мүйіс.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Кендірліқиясай үстіртінің теңізге қараған оңтүстік-батысында орналасқан.
Жер бедері
Мүйістің теңізге қараған бөлігі тік жарқабақты. Су асты тастары шығып тұрған жағалауы кеме тоқтауға қолайсыз. Кезінде Адамтас мүйісінде су асты тастарынан теңіз кемелерін сақтауға арналған шамшырақ оты болған.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>