Адамзат тарихындағы жазулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адамзат тарихындағы жазулар - идеографиялық, силлабикалық және алфавиттік деп бөлінетін таңбалар жүйесі. Идеографиялық жазуда әр таңба жеке сөзді белгілеп тұрады. Кейін сөзді белгілі бір таңба арқылы жеткізетін логограммалар пайда болады. Онда да сөз толық бейнеленбей, силлабикалык (буын) белгілері, негізінен, дауыссыз дыбыстардан құралады. Ең көне жазу үлгілері: египет жазуы - 6 мың, шумер, элам, протоүнді - 5 мың, крит, қытай - 4 мың, майя - 3 мың жыл бұрын пайда болған екен. Олардың ішінде жақсы зерттелгендер: көне египет, шумер және қытай жазулары. Силлабикалық жазудың әр таңбасы дауыссыз дыбысты таңбалайды, дауыстылар белгіленбейді. Алфавиттік жүйе-де кез келген таңба нақты дыбысты бейнелеп тұрады. Латын таңбалары негізінде жасалған алфавиттерде бір дыбыс бірнеше әріптермен бейнелене алады. Ол бір кез келген консонатты буындық жүйенің, яғни таңбалардың қалдығы болса керек.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}