Адаев Жолдасбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адаев Жолдасбек (12. 08. 1938 жыл, Атырау қаласы - 10.10.1999 жыл, Алматы) - географ, энциклопедияшы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.ҚазМУ-ді бітірген (1965 жыл). 1965-69 жылдары Қазақ энергетика институтында инженер, экспедиция жетекшісі, 1969-93 жылдары Қазақ энциклопедиясында ғылыми-редактор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1994-96 жылдары "Арыс" баспасының бас редакторы, 1995-99 жылдары "Жолдас және К" баспасының директоры. Қазақ теледидарындағы "Саяхатшылар клубы" телехабарының жүргізушісі. Қазақ елінің тарихында тұңғыш шығарылған 12 томдық "Қазақ совет энциклопедиясын" және 4 томдық "Қазақ КСР" қысқаша энциклопедиясын баспаға дайындаушылардың және авторларының бірі. Адаев Қазақстанның аймақтық энциклопедияларын шығару ісін қалыптастыруда елеулі еңбеқ сіңірді. Оның тікелей басшылығымен алғаш рет "Алматы" (орысшасы 1983 жылы, қазақшасы 1984 жылы), "Қарағанды облысы" (орысшасы 1987 жылы, қазақшасы 1990 жылы) энциклопедиялары, "Қазақстан мұнай энциклопедиясы" (1999 жылы) жарық көрді. "Атырау" аймақтық энциклопедиясын баспаға әзірлеу ісіне көп еңбеқ сіңірді. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметқері (1986 жыл).

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}