Агенс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Агенс (лат. agenc - әрекет) - сөйлемдегі қатынасушының типтік семантикалық мінездемесі (рөлі). "Агенс" терминімен іс-әрекетті жасаушы адамды белгілейді. Номинативті тілдерде агенс бастауыш болады, мыс.: "Асан мектепке барады", "Асан кесені сындырды" немесе пассивте — агенттік анықтауыш болады, мыс.: "Асанның кінәсінен кесе сынды". Эргативті тілдерде агенс екі валентті етістіктерде ерекше септік - эргатив арқылы, ал бір валентті етістіктерде - номинатив арқылы анықталады. Активті тілдерде агенс етістіктің арнайы (активті) септелуі арқылы көрініс табады.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}