Автосуггестия
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Автосуггестия (өзін-өзі сендіру) — сендіру әсерінің обьскгісі мен субъектісі сәйкес болған жағдайдағы өзіне-өзі баі ытталған ссндіру процесі мен нәтюкесі. Автосуггестия адамның өзіндік рсттслу деңгейін жоғарылатады. Автосуггестия субъектіде озінде белгілі бір түйсіктерді, қабылдауларды, сезімдерді тудыруға, озінің ес, зейін, процестерін, эмоциялық, соматикалық реакцияларын меңгеруге мүмкіндік береді . Ырықғы Автосуггестия озіне бағыпталған сөздік (вербалдық) нұсқаулардың немссе талап етілетін физикалық немесе психикалық күйдің өзгеруімен байланысты болатын жағдаяттарды ойша қайға жаңғырту негізінде жүзеге асады. Оның тиімділігіне психикалық релаксация мен бай қиял әсер етеді. Ырықсыз Автосуггестия субъектінің оз идеяларына, тұжырымдамаларына, бағалауларына, олардың дұрыстығы мен шынайылығына күмәннің болмауымен, сананың қадағалау функцияларының төмендеуімен сипатталады. Мүның салдары кейде психикалық іс-әрекеттің енжарлығына окелсді. Автосуггестия өзіндегі белгілі бір аурудың қозуын күту және оның міндетті түрде болатыньша өзін сендірумен бірге жүретін организмнің түрлі жүйелерінің бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Керісінше оқиға плацебо-эффект (препаратты қабылдағаннан кейінгі) жағдайында көрініс табады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}