Автосуат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автосуат, автоматтандырылған суарғыш (Автопоилка, автоматическая поилка) — мал мен құсты суаруға арналған құрылғы. Жеке және топтық түрлері болады. Жеке автосуаттар ірі кара мал байлауда ұсталатын қора-жайларда қолданылады және малдың су келтірілетін тетікті кез келген уакыта өзі басып ішуіне лайықталып құрастырылады. Топтық автосуаттар мал байланбай күтіп бағылатын жағдайда қолданылады, оларда су автоматты түрде қажет деңгейде беріледі. Топтық автосуаттардың стационарлық (су құбырына тікелей жалғастырылатын) және жылжымалы түрлері болады. Жылжымалы автосуаттар жайлауда жайылымдағы малды суару үшін қолданылады. Құсқа су беруге арналған стационарлық автосуаттардың он тәуліктік балапандарға арналған вакуумдық және 2 апталық балапандар мен өзге де құстарға арналған аспалы науалық және т.б. түрлері болады. Қой-ешкі суару үшін стационарлық топтық (бір мезгілде 200-ге дейін мал суарылады), топтық жылжымалы (1 мыңға дейін мал суаратын) автосуаттар және жылытылған сумен 3—30 мың мал суарылатын суару жабдығы толымы пайдаланылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}