Авторлық құқық объектісі. Жалпы ережелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авторлық құқық объектісі. Жалпы ережелер 1. Авторлық кұқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және онер туындыларына қолданылады. 2. Авторлық кұқық белгілі бір объективті түрге ие болған:

  1. ) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
  2. ) ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол сияқты);
  3. ) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық және сол сияқты);
  4. ) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне немесе фотокадрлар және сол сияқты);
  5. ) көлемді-кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат және сол сияқты) түріндегі жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.

3. Заңның 6-бабының 1-тармағында аталған белгілері бар және дербес колдануға болатын туынды бөлігі (онын атауымен коса) Авторлық құқық объектісі болып табылады. 4. Авторлық кұқық идеялардын, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердін, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактлердің өздеріне колданылмайды. 5. Туындыға деген авторлық кұқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену кұқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктену кұқығының немесе материалдық объектіні иелену құқығынын озгеге берілуі, осы Заңның 18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды.

Дерекөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}