Автономия
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Автономия<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Мәдени, ұлттық, аумақтық түрлері болады. Әдетте, тілдік, тұрмыстық және экономикалық ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп этносты мемлекеттерде автономия ұлт мәселесін шешудің мемлекеттік-құқықтық тәсілі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі аумақ шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық автономия "ұлттық- аумақтық" және "ұлттық-мәдени" деп ажыратылады. 1920-1936 жылдары Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамынан автономия алды.
Автономия әлемнің бірқатар елдерінде кездеседі. Мысалы, АҚШ-тың федералды штаттары, Испанияда - Каталония, Баскі мен Галисия, Канададағы - Квебек штаты, Ресей Федерациясындағы - автономдық республикалар, т.б.
<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автономия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}