Автомобиль спорты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автомобиль спорты - шапшаң, спортқа арналған және сериялы автомобильдермен әртүрлі жарыстар өтетін спорт түрі. А.с.-нан жарыстар алғаш рет 1894ж. 18 қазанда Париж-Руан- Париж марафоны бойынша 1200 км. қашықтыққа өтті. Онда автомобильдердің шапшаңдығы сағатына 12,5 км. ғана болды. Уақыт өте келе шапшаңдық өсті, қашықтықтар да үлғайды, үлкен автодромдардың салынылуына байланысты жарыс түрлері де жаңарды. Қазір түзды көлдердің үстінде өтетін жарыстарда авто- мобильдердің шапшаңдығы сағатына 1000 км-ден асты. Батыс мемлекеттерде А.с. пайда табудың көзіне айналды. Адам мен машинаның мүмкіндігіне сыймайтын жарыстарға қатысқан машиналар апатқа ұшырап, ондаған спортшылар бәсекелер кезінде қаза табады. А. жарыстарының ең қауіптілері әрбір кезеңі шамамен 320 км-ден түратын 1950 жылдан бері өтіп келе жатқан "Формула-1" және 1909 жылдан бері өтіп келе жатқан "Инди-Кар" жарысы (1979 жылдан "Инди-Кар" PPG жарысы). Бүлардан басқа да "Формула-2", "Формула-3", "Форму- ла-300", "Ф. Форд-1600", "Ф.-Лотус", "Ф.-Атлантик", "Ф. Форд-200", "Ф.-WEE", "Ф. Азпер WEE", "ф. LIBZE" т.б. жарыстар бар. А.с-нда ойлықырлы, табиғи кедергілері көп жерлермен жарысатын А. кросстары кеңтараған. Мүндайда жарыс жолы жабық және ашық деп екіге бөлінеді. Ашық ж.ж-нда автомобильшілер жүретін жолмен алдын ала танысады, тіпті жаттығулар да өткізе алады. Ал жабық ж.ж-нда автомобильшілер жарыс жолымен таныса алмайды, мұнда сөреге шығар алдында ғана жолдың картасы мен тоқтайтын жерлер ғана керсетіледі.
Соңғы жылдары өте ұзақ қашықтыққа құрлықаралық авто- раллишілер жиі өткізілуде. Солардың бірі Еуропа-Азия авторалиі 2007 жылы Қазақстан аумағымен өтіп, осы жарысқа біздің республикамыздың өкілдері де қатысты. Мүндай жарыстарға қатысушылардың басты міндеті - бақылау орындарына тез жету болып табылады. А-шілер сөреге шыққанда машинаның моторы сөндірулі тұрады. Ралли спортшылардан техника тілін жақсы меңгеруді, тәртіп- тілікті, шыдамдылықты, орташа шапшаңдықты, жолды жүру кестесін устай білуді талап етеді.
Жарыстар тас жолдарда, автодромдарда, ойлы-қырлы жолдар мен (кросс), рекордтарды жаңарту, шыдамдылықты сынау (ралли), а-бильді мәнерлеп жүргізу және жанармайды үнемдеуден сынға түседі.
А.с. жүргізушінің шеберлігін арттырады, адамдардың бойында шыдамдылық, шалттық, ерік күші артады, техниканы жақсы меңгереді, машиналар сыннан өтіп жетіледі. Автомобиль спорты Қазақстанда XX ғ-дың алпысыншы жылдарынан бастап дами бастады. Аралас техникалык өнер көрсетуде 1971 жылғы КСРО ч-тында алматылык, Ю. Кавский ч-н атанды. 1980 жылдан Апматыдағы көлді айналып өтетін кросс үйымдастырылды. 2005 жылы кросс, 2008 жылы "Қазақстан-2008" автораллиі өтті.
Айналма жолмен жарысу, а.с.-ты үшін әдейі жасалған түйық трассаларда өтеді. Мүнда жолдың өте үзақ болуы да мүмкін және жанкүйерлердің қарауы үшін жағдай жасалады. Жол бойында шүғыл бұрылыстар, қүлдилар мен өрлер кездесіп отырады, бул а. жүргізушілерден асқан шеберлікті қажет етеді. Жарыстар күштері әртүрлі а-льдер арасында өтеді. Рекордтарды жаңарту, а. жарыстары арнайы дайындалған түзу трассаларда түзды көлдердің бетінде өтеді. Мүнда сере а-льдердің күшіне қарай бір орында түрған немесе жүріп келе жатып сере сызығын қиған жағдайда беріледі. Рекордтар белгілі бір қашықтыққа және а-льдердің күші бойынша тіркеледі.
Эхономикалык, жарыстар, белгілі бір қашықтыққа жанармайды аз жүмсауды білу үшін үйымдастырылады.
Түзу жолмен жары суда ғы қашықтық 100 км. кейде одан да коп болады. Сөреге барлық а-шілер топтасып немесе жеке шығады, жол үсті кедір-бүдырсыз тегіс болады.

<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автомобиль спорты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}