Авителлиноз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авителлиноз (Үлгі:Lang-la)  - күйіс қайыратын үй малы мен жабайы жануарларда болатын іш құрт ауруы.
Мұның қоздырғышы - Avitellina- авителли құрты, ені 2,2 мм ұзындығы 3,5 м-ге дейін болады. Бұлар ащы ішекті зақымдайды. Авителлиноз Орта Азия, Қазақстан, Заваказье, Молдавия, Оңтүстік Украинада тараған. Қозы бұл ауруға жаздың орта шенінде шалдығады, өлім-жітім әсіресе қарашада көбейеді, тоқтылар көбінесе наурыз-сәуір айларыда өледі. Ауырған малдың басы кекшиіп, аяғының сіңірі тартылады, дірілдейді, тісін қайрап селсоқ жатады, кілегей қабықтары ағарады, кейде тышқақтайды. Ауру малға кальций арсенатының ертіндісі беріледі.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998