Аванс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аванс(Үлгі:Lang-fr – алда, алдын ала) – 1) болашақ еңбекақы есебінен алдын ала берілетін ақша не зат, өзара несие берудің бір түрі; 2) кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне іссапарда жүрген кезеңдегі шығындарына, шаруашылыққа қажетті зат.

Азаматтық құқық бойынша — борыштының кредиторға орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер немесе мүлікті беру үшін болашақ төлемдер есебінен беретін мүліктік ұсынылымы. Аванс, тәртіпке сәйкес, ақшалай түрінде ақша нысанында беріледі, бірақ оның орнына төленетін немесе төлем есебінен берілетін материалдық құндылықтар, азық-түліктер немесе басқа да заттар жүруі мүмкін. Кепілақы сияқты, аванс та шарттың жасалуының дәлелі болады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Hесиелеу жағдайында

Аванс несиелеу жағдайында өнім жеткізу кезінде міндетті, әдетте келісімшарттың 10-40%-ын құрайды және ақтық есеп айырысулар да ссептеледі; 100% аванс сирек қолданылады. Міндеттемелер орындалмаса аванс қайтарылуға тиіс Ірі келісімшарттар кезінде аванстың қайтарылуы банк кепілдсмесі арқылы қамтамасыз стіледі. Аманат ақшадан бір айырмасы аванс міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдіс болып табылмайды.<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң