Аваль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аваль (Үлгі:Lang-fr — тапсырма, чек, вексель т. б. тапсырмасы) — төлеу үшін ерекше кепілдікті жазба түрінде ресімделген жазбаша қаржы кепілгерлігі; банк несиесін беру нысаны. Аваль чектің (вексельдің) бүкіл сомасына немесе оның тек бір бөлігіне ғана төлемшіден кез келген жауапты адамның атынан (мысалы, чек немесе вексельиесінің, акцептанттың, индоссанттың атынан) жасалуы мүмкін. Аваль чектің (вексельдің) беткі жағына немесе қосымша параққа (аллонжға) "аваль деп есептелсін" деген сөздер жазу және оның кім үшін берілгені көрсетіліп белгі соғу жолымен беріледі.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Азаматтық құқықтавексель бойынша кепілгер болған адам (авалист), вексель төлемі үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды; вексельдің өзіндегі авалистің кепілдік жазбасы, не арнайы құжатты беру арқылы рәсімделеді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Аваль банктік

Банктің вексельдік тапсырысы, осы арқылы ол вексель иесі алдында вексель бойынша міндетті кез келген тұлға: акцептант, вексель беруші, индоссант алдында төлем міндеттемелерініц орындалуы үшін жауапкершілік алады.<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң