Абыралы таулары (Сарыарқа)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Абыралы таулары - Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы аумағында орналасқан.

Жер бедері

Солтүстіктен оңтүстікке қарай қосарлана созылып жатыр. Батысындағы Жақсы (Үлкен) Абыралы тауларының ұзындығы 20 км, ені 10 км, биіктігі 1300 м. Шығысындағы Жаман (Кіші) Абыралы тауларының ұзындығы 20 км, ені 6 км, биіктігі 1111 м. Екі тауды Қарасу өзенінің аңғары бөлген.

Геологиялық құрылымы

Абыралы таулары негізінен девон мен силур жыныстарынан тұрады.

Климаты

Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы орташа температура -15°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 мм. Суға тапшы.

Өсімдігі

Беткейлерінің қиыршық тасты қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қызғылт селеу, қылқан боз, бетеге, жусан т.б. өсімдіктер өседі. Беткейлері мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}