Абыз (толғау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абыз - толғау - бұл күй ҚХАМ кітабында "Бақсы" күйі деп жазылған. "Абыз-толғау" күйін Базархан Қосбасаров "Қазақ аспапты музыкасының антологиясы" күйтабағынан қобызшы Дәулет Мықтыбаевтың орындауында жазып алған. Дәулет Мықтыбаев осы күйді "Абыз-толғау" деп орындап, тек қана "Толғау" немесе "Абыздың толғауы" деп айтпаған дейді шәкірті Ә.Жұмабекұлы . Бұдан шығаратын қорытынды: бұл күйді белгілі бір адамға теліп қою күмәнді. Сол себепті "Абыз - толғау " күйі жалпы абыздар мен бақсылардың ортақ сарыны. Күйдің мазмұны мен әуені "қорқыт" күйімен үндес. Мұның өзі қобыз дәстүрін жалғастырушы абыздар мен бақсылардың сарындары әу баста Қорқыттан тарағандығынның айғағы.

Дереккөздер

"Қазақ музыкасы" кітабы, Алматы 2005 жыл - 440 бет